АСТАНА. KAZINFORM - Жұрқамырза Шүкірбеков (J2 санаты) 90 + келі салмақта күресіп, бразилиялық қарсыласы Сержио Фернандеспен кездесіп, иппонмен жеңіске жетті.
Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болды.
Жартылай финалда Жұрқамырза Шүкірбеков Грузиядан келген Реваз Чикоидземен күш сынасады.
Осыған дейін паралимпиадада бүгін, 7 қыркүйекте жарыс жолына шығатын спортшылар туралы жаздық.
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.