11 желтоқсанда В тобына өту үшін болған шешуші кездесуде Қазақстан құрамасы Ұлыбританиядан 0:6 есебімен жеңілді. Осылайша, қарсылас команда С тобында жарыстың алтын медалін иеленді.
Айта кетейік, 10 желтоқсанда қазақстандық хоккейшілер турнирдегі үшінші кездесуін Австрия құрамасына қарсы өткізіп, 9:2 есебімен жеңіске жеткен еді.
Қоса кетсек, бұған дейін шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қай елдің командаларына қарсы ойнайтынын жазып едік.