Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында журналистерге сұхбат берген ҚР Спорт және денешынықтыру агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев мәлім етті.
«Екінші орынға - 30 мың және үшінші орынға 15 мың доллар белгіленіп отыр», - деп атап көрсетті Т.Ермегияев. Ал журналистердің «бұл жолы қандай болжам жасай аласыз?» деген сұрағына агенттік төрағасы: «Енді, Лондон Олимпиадасы қарсаңында біз сондай болжам жасаған едік. Бірақ бұл жағдайда нақты бірдеңе айту қиын. Сондықтан мен әзірше ештеңе айтпай-ақ қояйын. Біздің спортшыларымызға тек сәттілік тілеймін!», - деп жауап берді.
Естеріңізге сала кетейік, Лондонда 29 тамыз және 9 қыркүйек күндері өтетін XIV Паралимпиадалық ойындарға 165 елден 4 200 спортшы қатысады. Бұл додада Қазақстан намысын Әнуар Ахметов (жүзу), Ислам Сәлімов (жеңіл атлетика), Айнұр Байділдаева (жеңіл атлетика), Сергей Харламов (жеңіл атлетика), Зүлфия Ғабидуллина (жүзу), Айбек Әбжан (пауэрлифтинг), Қабира Асқарова (пауэрлифтинг) қорғайды.