Жамбыл облыстық полиция қызметінің дерегінше, автокөліктің салонында жүргізуші жалғыз болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам Тараз қаласындағы № 1 қалалық ауруханасына жеткізу барысында алған дене жарақатынан қайтыс болды.
Полиция қызметкерлері ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Жауапкершілікке тарту үшін мал иесін іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Өмірден озған Нышан Өмірәлі паратаеквондодан екі дүркін әлем чемпионы (Мәскеу, 2014, Лондон, 2017), Азия чемпионатының күміс жүлдегері (Хошимин-2022), пара Азия ойындарының күміс жүлдегері (Ханчжоу-2023), екі дүркін Паралимпиада ойындарына қатысушысы болған.