Қазақстанның Допингіге қарсы ұлттық орталығының мәліметіне сәйкес, Колядиннен 2020 жылдың 9 желтоқсанында алынған сынамадан тыйым салынған препарат – мельдоний табылды. Осы себепті қазақстандық спортшы жарыстардан үш жылға – 2021 жылдың 13 қаңтарынан 2024 жылдың 3 қаңтарына дейін шеттетіліп отыр.
Айта кетейік, Александр Колядин 2018 жылы Пхёнчханда өткен Паралимпиада ойындарында чемпион болған жалғыз қазақстандық спортшы. Ол 1,5 шақырымға классикалық үлгідегі спринтте «алтын» алды.