Паралимпиадашы Сочиде жеңіп алған медалінен қалыңдығына арнап сақина жасатқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Француздық тау шаңғышысы Винсент Готье-Мануэль Паралимпиады-2014 ойындарында жеңіп алған күміс медалін балқытып, қалыңдығына арнап сақина жасатқан, деп хабарлайды Sports Illustrated.

Айта кетейік, Готье-Мануэль Сочиде биыл өткен Олимпиада ойындарында слалом жарысында күміс алқа тағынған еді. Сонымен қатар ол осы Паралимпиадада алтын медальді де иеленген болатын.