XVII жазғы Паралимпия ойындарында Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан F36 санатында қола медаль жеңіп алды. Оның нәтижесі – 16 метр.
Бұл – Азия құрлығының жаңа рекорды. Алтын медальді Владимир Свиридов (17.18 метр) еншілесе, күміс жүлде Кокоити Аланға (16,27 метр) бұйырды.
Екі спортшы да бейтарап ту астында өнер көрсетті.
Давид Дегтярев екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанғанын жазған едік.