Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Семей орманы» табиғи резерватының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеуді бастады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Семей орманы« мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ лауазымды тұлғаларына қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Шығын мөлшері анықталып жатыр«, - делінген агенттіктің хабарламасында.
Тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәліметтер жария етілмейді.
Түпкілікті үкімді сот шығарады, деп толықтырды ведомстводағылар.