«Парасат» білім ошағы санитарлық талаптарға сай емес - Қызылорда облысы

None
ҚЫЗЫЛОРДА. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы «Парасат» орта білім ошағын тексеруде бірқатар кемшіліктерді анықтады. 

Тексеру барысында санитарлық талаптарды сақтамау секілді әртүрлі заң бұзу фактілердің бетін ашты. Атап айтсақ, балаларға арналған ойын алаңдары салынбаған, жасөспірімдер, орта және жоғары топтардағы балалардың жатын бөлмелерінің аралығы бөлінбеген және ойын бөлмелері кварцтық шамдармен жабдықталмаған.

Осыған орай, ҚР ӘҚБтК-нің 709-1 бабына сәйкес, ҚР ДСМ МСЭҚ Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы ҚР ӘҚБтК-нің 323 бабының 1 тармағымен «Парасат» орта білім ошағының басшысына Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері (орынбасары) тарапынан 11326 теңге әкімшілік жаза қолдану туралы №496 қаулы шығарылып, аталған мекеменің басшысына әкімшілік айыппұлды өз еркімен төлеу туралы хабарлама тапсырылды.