Қол қою рәсіміне Мэриленд университетінің президенті Дэн Моут, университет жанындағы Технологиялық институттың директоры Герберт Рабин, Мэриленд штатының Бизнесті және экономиканы дамыту департаменті директорының орынбасары Роберт Уолкер, Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ерлан Ыдырысов, «Парасат» Ұлттық ғылыми-техникалық холдингі» акционерлік қоғамының директоры Нұралы Бектұрғанов қатысты, деп хабарлады елшіліктің баспасөз қызметінен.
Қол қойылған келісімге сәйкес, «Парасат» Ұлттық ғылыми-техникалық холдингі» акционерлік қоғамының перспективалық нарықтарға енгізу сатысында тұрған жобаларын жылжыту және коммерциялау, ғылыми зерттеулер, инновациялық жобалар, өзара инвестициялар саласындағы бірлескен жобалар бойынша жұмыс істеу мәселелері қарастырылып отыр.