ІІ орын Маңғыстау және Қостанай облыстарынан келген қос командаға бұйырды. Жүлделі ІІІ орынға Қызылорда және Ақмола облыстары мен Көліктегі Ішкі істер департаментінің командалары ие болды. Республикалық іс-шараның жабылу салтанатында сөз алған ҚР Ішкі істер вице-министрі, полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов барлық қатысушыларды құттықтап, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.
«Парасатты полицей» байқауы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, тілге деген құрметті арттыру мақсатында ұйымдастырылды. 9-шы жыл қатарынан жалауын түрген республикалық сайыс қазанның 3-5 күндері Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында өтті. Үздіктерді анықтау үшін 21 команда өзара бақ сынаған болатын.