Парашют спортынан БҚО құрамасы халықаралық турнирден олжалы оралды
16:21, 27 Қыркүйек 2011
ОРАЛ. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Парашют спортынан БҚО құрамасы Харьков қаласында өткен «Достық кубогі» халықаралық турнирінен үш күміс, екі қола медальмен оралды.
Аталмыш жарысқа Украина, Беларусь, Ресей және Қазақстаннан 60-тай спортшы қатысқан. Қазақ елінің намысын алты батысқазақстандық қорғады.
Жарыс қорытындысында Александр Симбиркин қоссайыстан және Евгений Кутафин жаттығудан қос қоланы иемденсе, Александра Ларина мен Дарья Москалева үш күміс жүлдені еншіледі.