Парашютшінің 17 қабатты үйдің шатырынан секіргені видеоға түсіп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Томскіде белгісіз ер адам 17 қабатты үй шатырынан парашютпен секірді. Бұл туралы жергілікті TV2 арнасы хабарлады. Бейнежазба YouTube желісінде жарияланды.

 Бейнежазба 28 қаңтар күні түсірілген. Онда биіктіктен құлаған ер адамның 11 қабат тұсында парашютті ашып, жерге сәтті қонғанын көруге болады.