Жоғары деңгейде өткен жарысқа Шымкент қаласы жəне Түркістан, Ақтөбе, Маңғыстау мен Қызылорда облыстарынан 87 спортшы қатысты.
Мүмкіндіктері шектеулі бұл азаматтар қоғамдық өмірге белсене атсалысып, спорттың сан түрімен айналысып келеді.
Шаршы алаңда тамаша өнер көрсеткен волейболшылар арасында бас жүлдені Маңғыстау облысының командасы жеңіп алды.
Күмісті Түркістан облысының талантты спортшылары иемденді.
Ал, қола жүлде Ақтөбе облысынан келген волейболшыларға бұйырды.