Параспортшы Ақмарал Науатбек Азиада чемпионы атанды
Қазақстандық Ақмарал Науатбек Азия параойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Парадзюдодан екі мәрте әлем чемпионы Ақмарал Науатбек J2 санаты бойынша 48 келіге дейінгі салмақта топ жарды.
Ол финалда Рио паралимпиадасының жеңімпазы, қытайлық Ли Лицинді ұтты.
Осылайша Ақмарал Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды.
Фото: Туризм және спорт министрлігі
«Жеңіс оңай келмейді, бірақ бүгін Ақмарал жеңіске деген құлшынысын көрсетті. Мен Ақмаралды жарқын жеңісімен құттықтаймын және боз кілемдегі еңбегі үшін алғыс айтамын», - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).