Жарыста Нұрлан Домбаев (80 келіге дейін) және Нышан Өмірәлі ( 80 келі) күміс медаль, ал Камиля Досмалова 57 келіге дейінгі санатта қола медаль жеңіп алды. Жүлдегерлер К-44 сыныбында өнер көрсетті.
«Манчестерде (Ұлыбритания) паратаеквондодан әлемдік Гран-При сериясының үшінші кезеңі аяқталды, оған 27 елден 82 спортшы қатысты. Гран-при сериясындағы жарыстарға әлемнің ең үздік спортшылары ғана қатыса алады. Біздің пара таеквондошылар Нұрлан Домбаев, Камиля Досмалова және Нышан Өмірәлі өздерінің салмақ дәрежелері бойынша үздік спортшылардың қатарына кіреді», - деп атап өтті Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорттық даярлау орталығы командасының басшысы Мерей Бигарин.
Фото: csp-parasport.kz