Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісі хабарлады.
«Тірек-қозғалыс аппараты зақымданған мүгедек спортшылар арасындағы Еуропа чемпионаты Варшавада (Польша) өтті. Жарысқа әлемнің 32 елінен 150-ге жуық спортшы қатысты. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған облыстық спорт клубының спортшысы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Ұлттық құрама команданың мүшесі Өмірәлі Нышан 75 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды», - деп мәлімдеді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан.
Спортшыны ҚР еңбек сіңірген бапкерлер Алмаз Әбдіқайыров пен Нұржан Есілбаевтар жаттықтырады.