Паразиадада Қазақстан қоржынына тағы 4 медаль түсті

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия параойындарында Қазақстан қоржынына бір күміс, үш қола медаль түсті, деп хабарлайды Kazinform. 

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қазақстандық атлет Ерлан Өтепов парадзюдодан күміс медаль жеңіп алды.

90 кг салмақта өнер көрсеткен спортшы финалда Моңғолиядан келген спортшы Ганбат Даштсеранға есе жіберді.

Сондай-ақ қазақстандық спортшы Әлішер Гариполлаев паратаэквондодан қола медаль еншіледі.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Үшінші орын үшін күресте отандасымыз жапониялық палуан Чакир Итоны 34:11 есебімен жеңді.

Жекпе-жек (К44) 80 кг салмақ дәрежесіндегі паратаеквондошылар арасында өтті.

Ерлан Қонкиев Ханчжоуда өтіп жатқан Азия параойындарында дзюдодан қола медаль жеңіп алды.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Үшінші орын үшін күресте біздің отандасымыз қытайлық палуан Ли Пенді 10:0 есебімен жеңді.

Бәсеке J2 санатында 90 кг салмақ дәрежесіндегі парадзюдошылар арасында өтті.

90 кг салмақта өнер көрсеткен Талғат Әжғалиев (J2 санаты) парадзюдодан қола жүлдегер атанды.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Медаль үшін күресте ол индонезиялық спортшыны жеңді.