Айта кетсек, Пархач көлінен өлі балықтардың табылуына байланысты тексеру жұмыстары басталған болатын.
Қазгидрометтің хабарлауынша, су сапасын талдау 44 физика-химиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. «Бірінші күнгі талдау нәтижелері бойынша су өте лайланған (мөлдірлігі- 9) және шіріген балықтың иісі бар екендігі атап өтілді.
Зертханалық талдау нәтижелері бойынша оттегіні химиялық тұтыну
бойынша шекті норманың 11 есе артуы тіркелді – 380 мг/дм3. Бұл тоғанның
органикалық заттармен ластануын көрсетеді.Қазіргі уақытта негізгі иондар, ауыр металдар және 5 тәулікте оттегіні биохимиялық тұтыну бойынша суды талдау жалғасуда, олардың нәтижелері қосымша жарияланады», - делінген хабарламада.
Фото: РГП «Казгидромет»