«Пари Сен-Жермен» клубтар арасындағы әлем чемпионаты 1/2 финалына шықты

Фото: Сhampionat.com

АСТАНА. KAZINFORM - Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты жартылай финалына жолдама алды.

Франциялық клуб аталған кездесуде сенімді ойын көрсетті. Небәрі тоғыз футболшымен германиялық командаға қауқар көрсетті. Матч барысында олардың қатарынан Вильям Пачо 82, Лукас Эрнандес 92-минутта қызыл қағазбен алаңнан қуылды. 

Соған қарамастан қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, жартылай финал жолдамасына қол жеткізді. Франциялық клубтан Дезире Дуэ 78, Усман Дембеле 96-минутта гол соқты.

Енді олар 9 шілдеде жартылай финалда «Реал Мадрид» (Испания) мен «Боруссия Дортмунд» жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Сондай-ақ бұған дейін Бразилияның «Флуминенсе» Сауд Арабиясының «Аль-Хиляль» клубын, Англияның «Челсиі» Бразилияның «Палмейрасын» 2:1 есебімен жеңіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. «Флуминенсе» мен «Челси» жартылай финалда 8 шілдеде ойнайды.

Әлем чемпионатының жүлде қоры – 1 миллиард АҚШ доллары. Аталған турнирде чемпион болған команда 125 миллионды иеленеді. Қалған қаражатты қатысушы 31 клуб алған орындарына байланысты бөліседі. Доп додасында 32 команда сынға түсіп жатыр.