Франциялық клуб аталған кездесуде сенімді ойын көрсетті. Небәрі тоғыз футболшымен германиялық командаға қауқар көрсетті. Матч барысында олардың қатарынан Вильям Пачо 82, Лукас Эрнандес 92-минутта қызыл қағазбен алаңнан қуылды.
Соған қарамастан қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, жартылай финал жолдамасына қол жеткізді. Франциялық клубтан Дезире Дуэ 78, Усман Дембеле 96-минутта гол соқты.
Енді олар 9 шілдеде жартылай финалда «Реал Мадрид» (Испания) мен «Боруссия Дортмунд» жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Сондай-ақ бұған дейін Бразилияның «Флуминенсе» Сауд Арабиясының «Аль-Хиляль» клубын, Англияның «Челсиі» Бразилияның «Палмейрасын» 2:1 есебімен жеңіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. «Флуминенсе» мен «Челси» жартылай финалда 8 шілдеде ойнайды.
Әлем чемпионатының жүлде қоры – 1 миллиард АҚШ доллары. Аталған турнирде чемпион болған команда 125 миллионды иеленеді. Қалған қаражатты қатысушы 31 клуб алған орындарына байланысты бөліседі. Доп додасында 32 команда сынға түсіп жатыр.