Байқау төрт номинация бойынша өткізіледі:
- «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын». Бұл номинацияда өз қызметкерлерін қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік бейімделуіне және жалпы қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыратын үміткерлердің қызметі қарастырылады (еңбекақы төлеу және әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру, кадрларды кәсіби даярлау және қайта даярлау жүйелері, мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамту және т.б.).
- «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын». Бұл номинацияда қызметкерлердің еңбек қызметі барысында денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын қалыптастыратын үміткерлердің қызметі бағаланады.
- «Үздік ұжымдық шарт». Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын әрі нығайтатын ұжымдық шарттар қарастырылады.
- «Экологияға қосқан үлесі үшін». Бұл номинацияда қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға, қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жаратуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шаралар мен жобаларды жүзеге асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі бағаланады.
Байқау аясында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы да қарастырылған.
Байқауға қатысуға өтінімдер 1 шілдеге дейін қабылданады.
Қатысушылардың құжаттары hr.enbek.kz порталы арқылы («Парыз» номинациясы) немесе қағаз және электрондық нұсқада Бейбітшілік көшесі, 9, 220-кабинет мекенжайында қабылданады.
Байқау туралы толық ақпаратты мына телефон нөмірлері арқылы алуға болады:
Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы: 55-68-34, 55-68-05, 55-68-11;
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті: 57-49-38, 57-49-35, 57-49-36;
Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы: 55-75-74, 55-75-81.
Бұған дейін «Qyzyl Book Art: Дала қазынасы» республикалық сурет байқауына өтінім қабылдау басталғанын жаздық.