«Парыз» Гран-приі: «Қазақмыс» – Қазақстандағы әлеуметтік жауапкершілік көшбасшысы

Фото: Қазақмыс

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің көшбасшысы атанған «Қазақмыс» корпорациясы ұлттық деңгейде танылды. Бұл мәртебелі марапат компанияның өңірлер мен қызметкерлерді қолдаудағы жүйелі және ауқымды жұмысының көрінісі болып отыр.

Астанада өткен республикалық бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде ірі кәсіпкерлік субъектілері арасындағы басты сыйлық – Гран-при – Ұлытау облысындағы «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС компаниясына берілді. Марапатты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырды.

Марапат компанияның өңірлердегі өмір сапасын арттыруға бағытталған ауқымды жұмысын мойындау болып табылады. Тек 2025 жылы «Қазақмыс» аймақтарды дамытуға және жеке қолдауға 90 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Бұл қаражат тұрғын үймен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау мен инфрақұрылымды дамыту, білім беру және спорттық мүмкіндіктерді жақсарту, сондай-ақ қызметкерлерге әлеуметтік кепілдіктерді кеңейту секілді негізгі бағыттарды қамтыды.

Фото: Қазақмыс

Осы жылы корпорация ауқымды әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырды. Сәтбаев қаласында 320 орындық балабақша (~0,95 млрд тг) ашылды, 0,5 га қоғамдық кеңістік абаттандырылды (~0,9 млрд тг). Жезқазғанда 8000 м² спорт кешені (~8,5 млрд тг), 900 балаға арналған шахмат академиясы (~0,6 млрд тг), ТЖМ қажеттіліктеріне арналған еліміздегі алғашқы авиациялық ангар (~0,6 млрд тг), сондай-ақ геологиялық кластер мен оқу орталығы (~11 млрд тг) іске қосылды. Жыл соңына дейін 4000 м² жаңа спорт кешені, күрес академиясы және 200 орындық жатақхана ашылады (~5,3 млрд тг, ашылу күні – 24.12.25).

UMC-пен бірлесіп Ұлытау облысында алғаш рет жоғары технологиялық операциялар – аортокоронарлы шунттау және кардиовертер-дефибриллятор имплантациясы (~0,65 млрд тг) сәтті жүзеге асырылды. Сонымен қатар, корпорация республикалық волейбол, футбол, үстел теннисі, регби және басқа спорт федерацияларын қолдады.

Фото: Қазақмыс

Қызметкерлер мен олардың отбасыларына сапалы медициналық көмекке қолжетімділікті арттыру үшін ерікті медициналық сақтандыру бағдарламасы кеңейтілді. Тұрғын үй көмегі күшейтіліп, 60-тан астам отбасы жаңа қызметтік пәтерлерге ие болды. Әлеуметтік төлемдер көбейтіліп, қосымша кепілдіктер мен қолдау бағдарламалары енгізілді, жаңартылған ұжымдық келісімшартқа қол қойылды.

Компания ішінде жылдық еңбек ақы қорын инфляция деңгейінде біржолғы индексациялау енгізіліп, барлық қызметкерлер үшін тоқсан сайын 50 АЕК көлемінде сыйақы белгіленді. Стоматологиялық кабинеттер ашылып, корпоративтік даму бағдарламалары кеңейтілді. Жыл сайынғы еңбек жарыстары ұйымдастырылып, кеңейтілген ерікті медициналық сақтандыру бағдарламасы 140 мыңнан астам қызметкер мен олардың отбасы мүшелерін қамтыды.

«Қазақмыс» білім беру, спорт, мәдениет және инфрақұрылымдық нысандарды дамытуға инвестиция салуды жалғастырып, өңірлерде өмір сүру және кәсіби өсу үшін заманауи жағдайлар қалыптастырылып жатыр.

Фото: Қазақмыс

- Қызметкерлерімізге, олардың отбасыларына және әрбір өңір тұрғынына қамқорлық көрсету – біздің басты қағидатымыз. Әрбір әлеуметтік жоба – адамдарға және аймақтардың болашағына салынған инвестиция. Бұл марапат – әрбір қызметкеріміздің және өңірдің әрбір тұрғынының еңбегінің нәтижесі. Барлық ұжымға адал еңбегі, бастамашылдығы және кәсібіне берік болғаны үшін шын жүректен алғыс айтамын, - деп атап өтті «Қазақмыс Корпорациясы» Басқарма төрағасы Нұрахмет Нүриев.

Сонымен қатар, «Алтын сапа» конкурсында колледждер және тәлімгерлермен бірлесіп жұмыс істейтін кәсіпорындар және жұмыс мамандықтарын насихаттауға бағытталған жобалар жоғары бағаланды. Корпорацияның әлеуметтік жауапкершілікке берілген жоғары бағасы топ кәсіпорындарының басқа жетістіктерімен үйлесіп, жүйелілік, сапа және адам капиталын дамыту «Қазақмыс» корпоративтік мәдениетінің ажырамас бөлігі екенін көрсетті.

Холдинг құрамындағы Қарағанды құю-машина жасау зауыты (KLMZ) «Кәсіби маман» конкурсында бірден екі номинацияда танылды. Аймақтық кезең қорытындысы бойынша ТОО «MAKER» «Үздік кәсіпорын» номинациясында III орын алды, ал металл конструкцияларын жинау 6 разрядты шебері Александр Исупов «Үздік тәлімгер» санатында III орынға ие болды.

Технологиялық серіктестік те ерекше аталып өтті: AG Tech компаниясы DMMS сандық өнімін жасап, оны «Қазақмыс» кәсіпорындарында енгізгені үшін «Алтын Сапа» сыйлығын алды. Бұл өндірістік процестердің тиімділігін едәуір арттырды.

«Парыз-2025» сыйлығы компанияның өңірлердің тұрақты дамуына және әлеуметтік тұрақтылыққа қосқан елеулі үлесін растайды. «Қазақмыс» үшін бұл әлеуметтік бағдарламаларды күшейту және аймақтарды қолдауды кеңейту жолындағы қосымша ынта болып табылады.