Құжатқа сәйкес, Президенттің арнайы сыйлықтарына корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласында жоғары нәтижеге қол жеткізген, қызметкерлеріне лайықты еңбек жағдайын жасап, олардың әл-ауқатын арттырған кәсіпкерлер үміткер бола алады.
Конкурстың ең жоғары марапаты – Гран-при. Ол өз қызметінде үздік нәтиже көрсеткен, корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын табысты іске асырған қатысушыларға беріледі.
Гран-при екі санат бойынша табысталады:
· Ірі кәсіпкерлік субъектісі;
· Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі.
Жарлық 2026 жылғы 16 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді.
Еске салайық, 11 қарашада Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойған еді.