АСТАНА. KAZINFORM - 3 тамызда Париж Олимпиадасында қазақстандық спортшылар спорттың 5 түрінен — дзюдо, стендтік ату, велошоссе, бокс және спорттық гимнастикадан жарыс жолына шығады.
Дзюдо
11:00 (Іріктеу), 16:00 (Финал). Микс команда. Әбиба Әбужақынова, Камила Берліқаш, Эсмигүл Куюлова, Данияр Шамшаев, Абылайхан Жұбаназар, Нұрлыхан Шархан.
Стендтік ату
12:00 (Іріктеу),18:30 (Финал). Скит. Әйелдер. Әсем Орынбай. Скит. Ерлер. Эдуард Ещенко
Велошоссе
14:00. Командалық сайыс. Финал. Алексей Луценко, Евгений Федоров
Бокс
19:50. Назым Қызайбай – И.Валенсия (Колумбия)
Спорттық гимнастика
18:30. Финал. Милад Карими (Еркін жаттығу), Нариман Құрбанов (Ат)
Айта кетсек, қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түседі.
Олимпиаданың жетінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 қола жүлде бар.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.