Париж-2024: 31 шілдеде қазақстандықтар қандай нәтиже көрсетті
АСТАНА. KAZINFORM – 31 шілдеде Париж Олимпиадаcында қазақстандықтар спорттың алты түрінен – триатлон, нысана көздеу, стенд ату, бокс, үстел теннисі және спорттық гимнастикадан жарыс жолына шықты.
Әйелдер арасындағы бәсекеде қазақстандық спортшы Екатерина Шабалина да қатысқан болатын. Ол жарысты толық аяқтай алған жоқ. Жүзуден 55-орын алған ол велокезең кезінде жарысты жалғастырудан бас тартты.
Нысана көздеуден Қазақстан командасының мүшелері Ислам Сәтпаев пен Константин Малиновский іріктеуден өткен жоқ. Спортшылар кіші калибрлі винтовкаамен үш позицияда нысана көздеуден (50 метр) іріктеуге қатысқан болатын. Сәтпаев 588 ұпаймен 18-орын алса, Малиновский 586 ұпаймен жарысты 25-орында аяқтады.
Стенд атудан Мария Дмитриенко финалдан сырт қалды. Трап бағдарламасы бойынша іріктеудің алғашқы күнінде Дмитриенко төртінші орыннан көрінген еді. Алайда екінші іріктеу кезеңінде отандасымыз бұл басымдықты ұстап тұра алмады. Ол 120 ұпаймен оныншы сатыға орналасты.
Үстел теннисінен Кирилл Герасименко Париж Олимпиадасының ширек финалына шыға алмады. Олимпиаданың 1/8 айналымында Герасименко Египет өкілі Омар Ассармен кездесті. Жеңіс 4:2 есебімен қарсыласының еншісінде кетті.
Спорттық гимнастикадан Милад Карим Париж Олимпиадасының финалдық сынын аяқтады. Жекелей көпсайыста аяқталды. Милад Карими жалпы есебі 76.065 ұпай жинады. Жарыс нәтижесінде Милад Карим 24-орын алды. Енді Милад 3 тамыз күні еркін жаттығудан финалда сынға түседі. Ал, оның командаласы Нариман Курбанов 4 тамыз күні тұтқалы ат жаттығуында өнер көрсетеді.
Бокстан Валентина Хальзова мен Махмұд Сабырхан бірінші жекпе-жегінде жарыс жолын аяқтады.