Париж-2024: Алматы әуежайында мерекелік атмосфера орнады

Фото: Фото: Видеодан алынған скрин

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Байрақты бәсекеде еліміздің абыройын асқақтатып, қуанышын көкке жеткізген Демеу Жадыраевты күтіп алуға асыққан халықтың қарасы көп.

Қазір санаулы минуттардан соң Париж Олимпиадасының күмісі жүлдегері Демеу Жадыраев мінген мінген ұшақ Алматы әуежайына қонады. Көптің алғысына бөленген спортшымызды қарсы алуға жиналғандар арасында еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін бар.

Алматы әуежайында мерекелік атмосфера орнады. 

Айта кетейік, ол алғашқы жекпе-жегінде эквадорлық Джейр Куеромен белдесті.  Аса тартысты өткен жарыста Демеу Жадыраев 8:0 есебімен жеңіске жетті.

Ширек финалда екі дүркін әлем чемпионы, Токио ойындарының күміс жүлдегері қырғызстандық Ақжол Махмудовтан 3:1 есебімен басым түсті. 

Ал жартылай финалда әзербайжан жігіті Санан Сулеймановты 6:1 есебімен жеңді. 

Финалында отандасымыз 77 келі салмақта қарсыласы жапониялық Нао Кусакадан жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтты

Демеу Жадыраев биыл 34 жаста.