Отандасымыз ширек финалында америкалық Victor есімді бишіден жеңіліп, жарысты аяқтады.
Тоғыз төрешінің 3 раунд бойынша есебі: 0-3 (0-9, 1-8, 2-7). Енді жартылай финалда Виктор Данни Денмен (Франция) бақ сынайды.
Айта кетейік, Парижде Олимпиада бағдарламасына алғаш рет қосылған брейкингтен ерлер арасында барлығы 16 спортшы сынға түсті.
Осыған дейін Әлішер Ерғали қола медаль үшін белдесуге мүмкіндік алғанын жазған едік.
Нақтырақ айтсақ, ширек финалда Әлішер Ерғалиді ұтқан әлем чемпионы, Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы Бахрейн балуаны Ахмед Тажудинов финалға дейін сүрінбей жетті.