Демеу Жадыраевқа финал оңайға соқпасы анық. Жапониялық спортшы Нао Кусака 2023 жылы әлем чемпионатында қола медаль алған. Сондай-ақ ол 2024 жылғы Азия ойындарының чемпионы атанған. Нао қазір әлемдік рейтингіде 77 келі салмақтың көшін бастап тұр.
Десе де, Демеу Жадыраев ел үмітін ақтауға бар күшін салады деген үміттеміз. Ол биыл – 34 жаста. Бұл оның соңғы Олимпиадасы болуы әбден мүмкін. Қазақстандық спортшы 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алған. Сонымен қатар Демеу Азия чемпионатында бірнеше мәрте жүлдегер атанған.
Кеше отандасымыз жартылай финалда әзербайжан спортшысы Санан Сулеймановпен кездесіп, қарсыласын 6:1 есебімен айқын жеңді. Осылайша Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалына шықты.