Париж-2024: Дзюдошыларымыздың қарсыластары белгілі болды

Фото: Фото: Туризм және спорт министрлігі

ПАРИЖ. KAZINFORM – Бүгін Парижде дзюдшлар арасында жеребе тарту рәсімі өтіп, отандастарымыздың қарсыластары белгілі болды.

27 шілде

48 келі. Әбиба Әбужақынова - Сара Ришони (Израиль)
60 келі. Елдос Сметов - Торнике Чкадуа (Нидерланд)

28 шілде
66 келі. Ғұсман Қырғызбаев - Давид Гарсия Торне (Испания)

29 шілде
73 келі. Данияр Шамшаев - Муроджон Юлдошев (Өзбекстан)

30 шілде
81 келі. Абылайхан Жұбаназар - Атилла Унгвари (Мажарстан)
63 келі. Эсмигул Куюлова - Любьяна Пёвесана (Аустрия)

1 тамыз
100 келі. Нұрлыхан Шархан - Тома Никифоров (Бельгия)

2 тамыз
+78 келі. Кәмила Берліқаш - Адиясурен Амарсайхан (Моңғолия)

Бұл күндері Франция астанасы Париж қаласында өтетін ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына іріктеу турнирлері толығымен аяқталды. Қазіргі таңда төртжылдық додаға жолдама жеңіп алған қазақстандық спортшыларымыз соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына спорттың 25 түрінен 92 жолдама жеңіп алды. Нақтырақ айтсақ, бокс, дзюдо, спортттық гимнастика, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, оқпен ату, семсерлесу, грек-рим күресі, еркін күрес, садақ ату, стендтік ату, теннис, велошоссе, жүзу, заманауи бессайыс, таеквондо, велотрек, батут гимнастикасы, бадминтон, академиялық есу, көркем гимнастика, триатлон, үстел теннисі, құзға шығу және брейкингтен Олимпиада ойындарында сынға түседі.

Естеріңізге сала кетейік, Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланған.