АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасы велотректен Париж Олимпиадасының 1 жолдамасына ие болды. Бұл лицензия жеке спортшының өзіне емес, Ұлттық федерацияға беріледі.
Бұл ел қоржынына түскен 51-жолдама.
ҚР Спортты дамыту дирекциясы мәлім еткендей, Қазақстан атынан баратын спортшы кейрин және спринт дисциплинасында бақ сынай алады.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 50-ші жолдаманы көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының үздігі Эльжана Таниева Ташкентте өткен Азия чемпионатында жеңіп алған болатын.
Биылғы XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде-11 тамызы аралығында өтеді.
Оған дүниежүзінің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Спорттың 32 түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.