Алғашқы жарыс күнінде 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық спортшы нидерландтық Торнике Тсакадоеаны жеңіп, екінші айналымға жолдама алды.
Айта кетейік, бұл – Елдостың үшінші Олимпиадасы.
Еске салсақ, бұған дейін нысана көздеуден Қазақстан командасы Париж Олимпиадасының іріктеу сынын сәтті бастады. Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қола жүлдеге таласады.
Сондай-ақ Владислав Яковлев академиялық ескек есуден іріктеу кезеңінде сынға түсіп, мәре сызығын бесінші болып кесті.