Париж-2024: Елдос Сметов ширек финалға шықты

Фото: Фото: Сали Сабиров

ПАРИЖ. KAZINFORM – Дзюдодан ерлер арасында Елдос Сметов Олимпиада ойындарындағы екінші белдесуінде де жеңіске қол жеткізіп, ширек финалға шықты. 

Елдос Сметов екінші кездесуде украиналық Дилшод Халматовты Waza-Ari әдісімен таза жеңді. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Елдос Сметов алғашқы белдесуінде қарсыласынан басым түскен еді. 

Сондай-ақ Олимпиаданың алғашқы күні ел қоржынына алғашқы медаль түсті. Оны пневматикалық винтовкамен 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында Ислам Сәтпаев пен Александра Ле жеңіп алды.