Париж-2024: Эльмир Әлімжанов 1/8 финалға өтті
17:21, 28 Шілде 2024
ПАРИЖ. KAZINFORM – Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшы Эльмир Әлімжанов 1/8 финалға жолдама алды.
Отандасымыз 1/16 финалда Луиджи Миддлтонды жарыс жолынан шығарды. Қорытынды есеп – 15:14.
Еске сала кетейік, бұған дейін Руслан Құрбанов 1/8 финалға жолдама алған еді. Ол Токио Олимпиадасының чемпионы Ромен Каменмен кездеседі.
Өкінішке қарай, шпагамен семсерлесуден сынға түскен Вадим Шарлаимов қарсыласына есе жіберді.