ПАРИЖ. KAZINFORM – Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшы Эльмир Әлімжанов 1/8 финалға жолдама алды.
Отандасымыз 1/16 финалда Луиджи Миддлтонды жарыс жолынан шығарды. Қорытынды есеп – 15:14.
Фото: Владислав Семенов Еске сала кетейік, бұған дейін Руслан Құрбанов 1/8 финалға жолдама алған еді. Ол Токио Олимпиадасының чемпионы Ромен Каменмен кездеседі.
Өкінішке қарай, шпагамен семсерлесуден сынға түскен Вадим Шарлаимов қарсыласына есе жіберді.
Абылайхан Жұмашев
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.