Париж-2024: Эсмигуль Куюлова австриялық қарсыласына жол берді
ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін дзюдодан әйелдер арасында Эсмигуль Куюлова татамиге шықты.
Фото: olympic.kz
63 келі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз алғашқы белдесуінде австриялық Лубьяна Пиовесанамен белдесіп, ұтылып қалды.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін 81 келіде сынға түскен Абылайхан Жұбаназар алғашқы белдесуінде ұтылып қалғанын жазған болатынбыз.
Фото: Сали Сабиров/ НОК
Осылайша бүгін дзюдошалар жарысты жүлдесіз аяқтады.
Жалпы, Олимпиада ойындарына Қазақстаннан ерлер арасында бес, әйелдер арасында үш дзюдошы келген болатын.
Бүгін Париж Олимпиадаcында отандастарымыз спорттың бес түрінен сынға түсіп жатыр. Атап айтсақ, дзюдодан бөлек, стендтік ату, бокс, суға жүзу және садақ ату.
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.