Париж-2024: грек-рим күресінің шебері Нұрсұлтан Тұрсыновтың қарсыласы анықталды

ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін грек-рим күресінен 87 келі салмақта сынға түсетін балуанымыз Нұрсұлтан Тұрсыновтың қарсыласы белгілі болды.

Фото: olympic.kz

Нақтырақ айтсақ, грек-рим күресінен Ұлттық құрама спортшысы Нұрсұлтан Тұрсынов Париж Олимпиадасының 1/8 кезеңінде мысырлық балуан Мохамед Мұстафа Метваллимен күреседі.

Бұл белдесу жеңімпазы Жан Беленюк (Украина) немесе қытайлық спортшымен сынға түседі.

Мысырлық палуан - Африка ойындарының қола жүлдегері, Африка чемпионы, Токио Олимпиадасының қатысушысы.
Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионы және 2 дүркін күміс жүлдегері.

Айта кетейік, бүгін 77 келіде ел намысын қорғаған Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының жартылай финалында Әзірбайжан өкілі Санан Сулеймановты айқын басымдықпен жеңіп, финалға шықты.