Париж-2024: Ғұсман Қырғызбаев алғашқы белдесуінде жеңіске жетті

Фото: Фото: ҰОК

ПАРИЖ. KAZINFORM – Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында дзюдошылар арасындағы бәсеке жалғасып жатыр. Бүгін 66 келі салмақта ел намысын Ғұсман Қырғызбаев қорғады.

Ол алғашқы айналымда испаниялық татами шебері Давид Гарсия Торнемен белдесіп, қарсыласын жарыс жолынан тайдырды. 

Кеше 60 келі салмақта Елдос Сметов чемпион атанған еді.

Айта кетсек, қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түсуде. Еліміздің атынан 80 спортшы 92 жолдама жеңіп алған болатын. Ал жалпы Олимпиада ойындарында 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Олимпиада ойындары 11 тамызда мәресіне жетеді.