АСТАНА. KAZINFORM – Париж Олимпиадасында еліміз қола медальден кейін медальдар кестесінде бесінші орынға көтерілді. Бүгін қазақстандық Ислам Сәтпаев пен Александра Ле пневматикалық винтовкамен 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында үздік үштіктен көрінді.
Әзірге әлем бойынша небәрі 5 мемлекет жүлдеге қол жеткізді. Көш басында 2 алтын медаль алған Қытай көш бастаса, екінші және үшінші орында тұрған АҚШ пен Оңтүстік Корея 1 күміс еншіледі. Ал, Ұлыбритания мен Қазақстан құрамаларының еншісінде бір-бір қоладан бар.
Айта кетейік, дзюдодан Елдос Сметов енді жартылай финалда испаниялық Франциско Гарригоспен белдеседі.
Еске салсақ, қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түседі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.