Париж-2024: Қазақстандық спортшылар арасындағы ең танымалы кімдер

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының басталуына тура 4 күн қалды. Осыған орай басты доданың алдында назарларыңызға отандық ТОП-15 танымал спортшыны (Instagram желісі бойынша) ұсынғанды жөн көрдік.

Фото: ҚТФ

1. Елена Рыбакина (теннис) — 585 мың оқырман

2. Александр Бублик (теннис) — 528 мың оқырман

3. Елдос Сметов (дзюдо) — 212 мың оқырман

4. Юлия Путинцева (теннис) — 117 мың оқырман

5. Қамшыбек Қоңқабаев (бокс) — 99,8 мың оқырман

6. Сәкен Бибосынов (бокс) — 74,3 мың оқырман

7. Махмұд Сабырхан (бокс) — 59,7 мың оқырман

8. Абиба Әбужақынова (дзюдо) — 56 мың оқырман

9. Нұрбек Оралбай (бокс) — 54,8 мың оқырман

10. Назым Қызайбай (бокс) — 53,4 мың оқырман

11. Амир Закиров (брейкинг) — 43,7 мың оқырман

12. Азамат Дәулетбеков (еркін күрес) — 33,7 мың оқырман

13. Асланбек Шымбергенов (бокс) — 37,2 мың оқырман

14. Александр Шевченко (теннис) — 30,9 мың оқырман

15. Алексей Луценко (тас жолдағы велошоссе) — 27,5 мың оқырман

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда төртжылдық додаға жолдама жеңіп алған қазақстандық спортшыларымыздың алғашқы легі Париждегі олимпиадалық қалашыққа барып үлгерді.

Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына спорттың 25 түрінен 92 жолдама жеңіп алды.

Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.