Марапаттау рәсімінде Қазақстан құрамасының Париж Олимпиадасындағы алғашқы жүлдесін иеленген отандастарымыз Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қола медальді мойындарына тақты.
Еске сала кетейік, нысана көздеуден Париж Олимпиадасында ел қоржынына алғашқы жүлде түсті. Пневматикалық винтовкамен 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында Ислам Сәтпаев пен Александра Ле Олимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алды.