Париж – 2024: Нұрбек Оралбай ширек финалға шықты
ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшы қарсыласын жеңіп, ширек финалға шықты.
80 келі салмақта ел намысн қорғап жатқан отандасмыз австралиялық Каллум Петерсті жарыс жолынан тайдырды. Аса тартысты өткен айқаста бес төрешінің үшеуі 29:28 есебімен жеңісті Қазақстан боксшысына, екі төреші дәл осындай есеппен жеңісті Аустралия боксшысына берген. Жалпы қорытынды бойынша 3-2 есебімен жеңіске жетті.
Ширек финалда 1 тамызда Нұрбек Мұрат Аллахбердиев (Әзірбайжан) немесе Әбделрахман Әбделгавадпен жұдырықтасады.
Айта кетейік, осыған дейін Қамшыбек Қоңқабаев пен Асыланбек шымбергенов алғашқы жекпе-жектерінде қарсыластарынан жеңіліп қалған болатын. Сондай-ақ бүгін тура осы салмақта қытайлық қазақ боксшы Тоқтарбек Таңатқан да қарсыласына жол бергенін жазған болатынбыз.