Париж-2024: Олимпиадада бокс пен көркем гимнастикадан ел намысын кімдер қорғайды

Фото: Фото: KTF

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының басталуына тура 9 күн қалды.

Осыған орай бүгін назарларыңызға бокс пен көркем гимнастикадан ел намысын қорғайтын спортшыларымызды қысқаша таныстыра кеткенді жөн көрдік.

Олимпиадаға баратын спортшылардың қысқаша мәліметтері:

Бокс

Сәкен Ісмадиярұлы Бибосынов — 1997 жылы 3 шілдеде Түркістан облысында дүниеге келген. 

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. Әлем чемпионы (2021)

Фото: Дирекция развития спорта РК

Махмұд Айдарханұлы Сабырхан — 2001 жылы 9 қыркүйекте Шымкент қаласында дүниеге келген. Әлем чемпионы (2023)

Фото: Дирекция развития спорта РК

Асланбек Әбдікәрімұлы Шымбергенов — 1993 жылы 9 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келген. 
Әлем чемпионы (2023)

Фото: Дирекция развития спорта РК

Нұрбек Рахатұлы Оралбай— 2000 жылы 11 маусымда Астана қаласында дүниеге келген. 
Әлем чемпионы (2023)

Фото: Дирекция развития спорта РК

Айбек Рахатұлы Оралбай — 2000 жылы 11 маусымда Астана қаласында дүниеге келген. 

Фото: Дирекция развития спорта РК

Қамшыбек Бисенбайұлы Қоңқабаев — 1991 жылы 18 қарашада Қызылорда қаласында дүниеге келген. 
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. Әлем чемпионатының 2 мәрте күміс жүлдегері (2017, 2019)

Фото: Дирекция развития спорта РК

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – 2002 жылы 27 қарашада Қырғызстан Республикасында дүниеге келген.

Фото: Дирекция развития спорта РК

Назым Абайқызы Қызайбай — 1993 жылы 14 қыркүйекте Алматы облысы, Іле ауданы, Алатау қаласында дүниеге келген. 
2 дүркін әлем чемпионы (2014, 2016)

Фото: Дирекция развития спорта РК

Карина Хабировна Ибрагимова — 1996 жылы 8 шілде күні Көкшетау қаласында дүниеге келген. 
3 мәрте әлем чемпионатының жүлдегері (2018, 2022, 2023)

Фото: Дирекция развития спорта РК

Валентина Олеговна Хальзова — 1997 жылы 16 қаңтарда Астана қаласында дүниеге келген. 
Әлем чемпионы (2016)

Фото: Дирекция развития спорта РК

Көркем гимнастика 

Эльжана Ерғазы Таниева — 2005 жылы 6 қыркүйекте дүниеге келген.

Фото: Дирекция развития спорта РК

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда төртжылдық додаға жолдама жеңіп алған қазақстандық спортшыларымыз соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына спорттың 25 түрінен 92 жолдама жеңіп алды. 

Нақтырақ айтсақ, бокс, дзюдо, спортттық гимнастика, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, оқпен ату, семсерлесу, грек-рим күресі, еркін күрес, садақ ату, стендтік ату, теннис, велошоссе, жүзу, заманауи бессайыс, таеквондо, велотрек, батут гимнастикасы, бадминтон, академиялық есу, көркем гимнастика, триатлон, үстел теннисі, құзға шығу және брейкингтен Олимпиада ойындарында сынға түседі. 

Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланған. Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Айта кетсек, осыған дейін семсерлесу мен дзюдошыларымыз және теннис, үстел теннисі сонымен қатар триатлоннан ел намысын қорғайтын спортшыларымыз туралы қысқаша таныстырып өткен едік.