Париж-2024: Олимпиадаға ең көп спортшы апаратын ел белгілі болды
19:42, 09 Шілде 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Франция астанасы Парижде өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына ең көп спортшы апаратын елдер тізімдігі белгілі болды.
Нақтырақ айтсақ, бірінші орында АҚШ құрамасы тұр. Олар Олимпиада ойындарына 592 спортшыны апармақ.
Ал екінші орын шаршы алаң қожайындарының еншісінде. Жергілікті жанкүйерлер өздерінің 587 спортшысына үміт артып отыр.
Сонымен қатар спортшылар саны жағынан үздік үштікті Австралия құрамасы түйіндеп тұр. Олар 468 спортшысына үміт артып отыр.
Ал Қазақстан құрамасы әзірге 80 жолдамамен ең көп спортшы апаратын елдер қатарында 38 орынды түйіндеп тұр.
Спортшылар саны бойынша елдердің көрсеткіші мынадай:
- АҚШ — 592
- Франция — 587
- Аустралия — 468
- Германия — 425
- Жапония — 411
- Қытай — 398
- Испания — 382
- Италия — 366
- Ұлыбритания — 327
- Канада — 318
- Бразилия — 277
- Нидерланд — 258
- Польша — 211
- Жаңа Зеландия — 196
- Мажарстан — 175
- Бельгия — 164
- Мысыр — 153
- ОАР — 149
- Оңтүстік Корея — 144
- Украина — 138
- Аргентина — 136
- Ирландия — 132
- Швейцария — 127
- Дания — 125
- Швеция — 117
- Чехия — 113
- Үндістан — 113
- Сербия — 112
- Мексика — 107
- Норвегия — 107
- Румыния — 107
- Түркия — 102
- Грекия — 101
- Колумбия — 89
- Израиль — 88
- Нигерия — 87
- Өзбекстан — 86
- Қазақстан — 80