Париж-2024: Руслан Құрбанов шпагамен семсерлесуде ширек финалда жеңілді

ПАРИЖ. KAZINFORM – Париж Олимпиадасында шпагамен семсерлесуден ел намысын қорғаған Руслан Құрбанов ширек финалда жапониялық қарсыласына жол беріп қойды. 

Фото: Владислав Семенов

Нақтырақ айтсақ, шпагамен семсерлесу бәсекесінің ширек финалында қазақстандық семсерлесуші Руслан Курбанов жапониялық Кано Кокимен сынға түскен болатын. Үш кезеңнің нәтижесі бойынша Руслан Құрбанов 6:15 есебімен қарсыласына жол берді.

Жапониялық семсерлесуші Кано Коки 2021 жылғы Токио Олимпиадасында командалық бәсекеде жеңімпаз атанған тәжірибелі спортшылардың бірі.

Айта кетейік, осыған дейін отандасымыз франциялық Ромен Каннонмен шеберлік байқасып, үш кезеңнің қорытындысы бойынша қарсыласын 15:10 есебімен жеңген болатын.