Париж-2024: Садақшылар Олимпиаданы аяқтады
ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында садақ атудан Қазақстан командасы жарысты аяқтады.
Бүгін қазақстандықтар сапынан ең соңғы болып Александр Еременко сынға түсті.
Нәтижесінде 1/32 финалда Еременко франциялық Баптист Аддистен ұтылды. Есеп – 6:2.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Дәулеткелді Жаңбырбай Париж Олимпиадасының 1/32 финалында жекелей сында бақ сынап, жекелей сынның іріктеуінде Хорхе Энрикестен (Колумбия) 7:3 есебімен ұтылып, Олимпиада ойындарын аяқтағанын жазған едік.
Естеріңізге сала кетсек, Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда мәресіне жетеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысып жатыр. Олимпиадашыларымыз 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салуда.
Әзірге Қазақстан қоржынында 1 алтын, 2 қола медаль бар.