ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы сынға түсті. Өкінішке қарай, отандастарымыз 1/8 финалдан аса алмады.
Отандастарымыз бұл бәсекеде Италия командасымен шеберлік байқасты. Ел намысын Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Александр Еременко қорғады. Жарыстың негізгі уақытында жерлестеріміз бәсекені 4:4 есебімен тең аяқтады.
Алайда, қосымша уақытта қарсыластарына жол беріп алды.
Естеріңізде болса, садақшыларымыз Олимпиада ойындарын ең бірінші болып бастаған болатын. Олар 25 шілдеде рейтингтік раундта сынға түскен еді. Ильфат Абдуллин 29-орын (663 ұпай) алса, Дәулеткелді Жаңбырбай 22-орынға (668 ұпай), Александр Еременко 59-орынға (640 ұпай) табан тіреген еді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.