Париж-2024: Шпагамен семсерлесуден Эльмир Әлімжанов ширек финалға шыға алмады

Фото: Фото: Владислав Семенов

ПАРИЖ. KAZINFORM – Париж Олимпиадасында шпагамен семсерлесуден жерлесіміз Эльмир Әлімжанов 1/4 финалға шыға алмады.

Нақтырақ айтсақ, шпагамен семсерлесу сайысының 1/8 финалдық кезеңінде отандасымыз италиялық Федерико Висмарамен кездесіп, қарсыласынан ұтылып қалды.

Айта кетейік, қазақстандық семсерлесуші Руслан Курбанов 1/8 финалдық кезеңде Олимпиада чемпионын қапыда қалдырып, ширек финалға жолдама алған болатын.

Шпагамен семсерлесу бәсекесінің жекелей сынында өнер көрсеткен қазақстандық семсерлесуші Вадим Шарлаимов 1/16 финалдық кезеңінде жеңіліс тауып, жарыс жолынан шығып қалған болатын.