Париж-2024: Үстел теннисінен қазақстандық спортшы қарсыласын ойсырата ұтты

ПАРИЖ. KAZINFORM – Бүгін Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында үстел теннисінен ел намысын қорғап жатқан спортшымыз Кирилл Герасименко алғашқы айналымнан сүрінбей өтті.

Фото: Турар Казангапов

Ол алғашқы бәсекесінде чилилік қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 4:0 есебімен жеңіске жетті.
Кирилл Герасименко келесі матчта 1/32 айналымда Герасименко Португалия не болмаса Германия қүрамасының спортшысымен кездеседі.

Фото: Турар Казангапов

Айта кетейік, Париж олимпиадасында қазақстандық 80 спортшы спорттың 25 түрінен сынға түсіп жатыр. 

Фото: Турар Казангапов

Нақтырақ айтсақ, бокс, дзюдо, спортттық гимнастика, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, оқпен ату, семсерлесу, грек-рим күресі, еркін күрес, садақ ату, стендтік ату, теннис, велошоссе, жүзу, заманауи бессайыс, таеквондо, велотрек, батут гимнастикасы, бадминтон, академиялық есу, көркем гимнастика, триатлон, үстел теннисі, құзға шығу және брейкингтен Олимпиада ойындарында сынға түседі.

Париж қаласында өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпиада ойындары ресми түрде кеше алауы тұтанған болатын. Ойындар 11 тамызда мәресіне жетеді.