Париж-2024: Валентина Хальзова алғашқы айқасында жеңіліп қалды

Фото: Фото: olympic.kz

ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан әйелдер арасында Валентина Хальзова алғашқы жекпе-жегінде қарсыласынан жеңіліп қалды. 

75 келі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз алғашқы айқасында Панама елінің өкілі Атеина Бибечи Билонмен кім мықтыны анықтады. Аса тартысты өткен жекпе-жектің нәтижесінде Валентина төрешілер шешімімен жеңіліп қалды. 

Айта кетейік, осыған дейін Қамшыбек Қоңқабаев, Асыланбек Шымбергенов алғашқы айқастарында қарсыластарына есе жіберген болатын. Ал, бүгін көрермендер қатарына 57 келі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз Махмұд Сабырхан қосылды. 

Сондай-ақ осыған дейін ерлер арасында 80 келіде Нұрбек Оралбай, 51 келіде Сәкен Бибосынов, 63,5 келіге дейінгі салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы ширек финалға шыққан болатын. Сонымен берге әйелер арасында Назым Қызайбай алғашқы жекпе-жегін сәтті бастады.